ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Жетпісбаева Мейрамгүл Асылбекқызы мен директордың орынбасары Марина Петровна түрлі кездесулер мен семинар-тренингтерде педагогтерге және білім беру ұйымдарының өкілдеріне жаңа аттестаттау жүйесінің тәртібі мен негізгі ерекшеліктерін түсіндіруде.
Кездесулер барысында пилоттық жобаның мазмұны, аттестаттау кезеңдері, педагогтердің кәсіби қызметін бағалау ерекшеліктері қарастырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріледі. Ашық пікір алмасу арқылы педагогтер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша қосымша ақпарат алуға мүмкіндік алады.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызды алаңдарының бірі – YouTube платформасы. Педагогтерге арналған бейнематериалдар мен түсіндірмелер арқылы жаңа пилоттық жоба туралы ақпарат кең аудиторияға қолжетімді түрде ұсынылады.
Бұл бағыттағы жұмыс педагогтердің жаңа талаптармен танысуына, өзгерістерді дұрыс түсінуіне және аттестаттау үдерісіне дайындалуына бағытталған.
Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

«Кітап оқитын ұлт»: «Өрлеу» филиалында «Кітап сөресі» ашылды
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшін арнайы «Кітап сөресі» атты кітап бұрышы ашылды.