«Кітап оқитын ұлт»: «Өрлеу» филиалында «Кітап сөресі» ашылды

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшін арнайы «Кітап сөресі» атты кітап бұрышы ашылды.
Бұрыш буккроссинг (еркін кітап алмасу) қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Орталық қызметкерлері жұмыс орнында немесе үйде оқу үшін қызықты әдебиеттерді таңдап қана қоймай, ортақ сөрені жаңа басылымдармен толықтырып, өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісе алады. Сөреде қазақ классикасының жауһарлары мен әлем әдебиетінің танымал туындылары қойылған — Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясынан бастап «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы» атты танымал ғылыми-көпшілік бестселлеріне дейін бар.
Бұл бастама корпоративтік оқу мәдениетін қолдауға, зияткерлік демалысты дамытуға және институт педагогтері мен қызметкерлері арасында білім мен әсерлермен еркін алмасу дәстүрін нығайтуға бағытталған.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.