Өрлеу

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС

Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өткен аппараттық кеңесте стратегиялық жобалардың іске асырылу барысын саралап, алдағы кезеңнің басым міндеттерін талқыладық.

Күн тәртібінде білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен қаржылық сауаттылығын дамыту, өңірлік филиалдардың қызметін жетілдіру және жылдық жоспарлардың орындалуы қаралды.

Басты бағыттардың бірі – жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру сапасын арттыруға тиімді пайдалану. Бүгінде Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте Ұлттық білім беру ЖИ-платформасы пилоттық режимде қолданылуда. Бұл бастама – заманауи технологияларды білім беру үдерісіне кезең-кезеңімен енгізуге бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Қаржылық сауаттылық негіздері» жобасының нәтижелері қаралды. Жоспарланған жұмыстардың басым бөлігі орындалып, педагогтерді оқыту және курстан кейінгі әдістемелік қолдау жүйелі түрде жалғасуда.

Кеңесте филиалдардың материалдық-техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану және жоспарланған жұмыстарды сапалы аяқтау мәселелеріне де назар аударылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың тапсырмасына сәйкес, стратегиялық жобалардың нақты нәтижелілігін қамтамасыз ету, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу, педагогтердің кәсіби дамуы мен курстан кейінгі қолдау сапасын арттыру, өңірлік филиалдардың жұмысын жетілдіру және жылдық жоспарларды белгіленген мерзімде сапалы орындау негізгі міндеттер ретінде айқындалды.

Басты мақсат – әрбір бастаманың нақты нәтижеге ұласып, әрбір жобаның педагогтің кәсіби дамуына, ал қабылданған шешімдердің білім сапасын арттыруға қызмет етуі.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС — Өрлеу