ПЕДАГОГТЕР АТТЕСТАТТАУЫ: МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясындағы ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік қолдау жұмыстарын жалғастыруда.
Атырау қаласындағы №46 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігінің
ресми сұранысы негізінде білім беру ұйымының жауапты мамандары мен
педагогтеріне арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына
қатысты туындаған сұрақтарға жауап беру, аттестаттау рәсімінің ерекшеліктерін
түсіндіру және «Ұстаз» платформасымен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік
бағыт-бағдар ұсыну.
Институт маманы, «Ұстаз» платформасының Атырау облысы бойынша кураторы
Тулесинова Сымбат Багитовна пилоттық жобаның негізгі талаптарына тоқталып,
педагогтердің кәсіби қызметі мен жетістіктерін портфолиода жүйелі көрсету,
қажетті құжаттарды жинақтау және платформаға орналастыру мәселелерін
түсіндірді.
Семинар барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,
аттестаттауға дайындық кезінде ескерілуі тиіс маңызды мәселелер бойынша нақты
түсіндірмелер алды. Сонымен қатар мектептің жауапты мамандары мен педагогтері
арасындағы өзара үйлесімді жұмыстың маңыздылығына назар аударылды.
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.