ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

«Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби
даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара
ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды.
Бұл серіктестік – педагогтердің кәсіби дамуына қолдау
көрсету, білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен инновациялық
тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге
асыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер алаңы.
Меморандум аясында тараптар:
- оқу семинарлары, тренингтер, форумдар, брифингтер,
көрмелер мен кездесулер ұйымдастыру;
- педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру және цифрлық
білім беру ресурстарын тиімді қолдану бағытында тәжірибе алмасу;
- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік
жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыру;
- педагогтерді халықаралық зерттеулерге даярлау бағытында
ортақ шаралар өткізу;
- білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзге де
бастамаларды қолға алу бойынша келісімге келді.
Серіктестіктің басты құндылығы – тәжірибе мен мүмкіндіктерді
біріктіріп, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға және білім беру сапасын жаңа
деңгейге көтеруге бағытталған ортақ жұмыс.
Жаңа серіктестікке сәттілік тілейміз! Ынтымақтастық өзара
сенімге, кәсіби ізденіске және ортақ мақсатқа негізделіп, өңір педагогтері үшін
мазмұнды жобалар мен игі бастамаларға ұлассын!
Бірлескен қадам – жаңа мүмкіндіктерге жол!
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

«ИДЕЯЛАР ШЕБЕРХАНАСЫ» ФАСИЛИТАЦИЯЛЫҚ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы аясында оқытушылардың авторлық еңбектерін, оқу-әдістемелік құралдары мен жобалық идеяларын жүйелеп, жаңа бастамаларға бағыттауға арналған «Идеялар шеберханасы» фасилитациялық сессиясы өтті.