«ИДЕЯЛАР ШЕБЕРХАНАСЫ» ФАСИЛИТАЦИЯЛЫҚ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы аясында
оқытушылардың авторлық еңбектерін, оқу-әдістемелік құралдары мен жобалық
идеяларын жүйелеп, жаңа бастамаларға бағыттауға арналған «Идеялар шеберханасы»
фасилитациялық сессиясы өтті.
Сессияның мақсаты – оқытушылардың шығармашылық пен
авторлық әлеуетін белсендіру, оқулықтар, әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар мен
жоба жұмыстарына арналған жаңа идеялар жинақтау және оларды концептуалды
деңгейге дейін дамыту.
Сессия «World Café / Әлемдік кафе» форматында өтті.
Қатысушылар 4 станция бойынша ротациялық жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, алғашқы
«Заманауи оқулық және оқу құралы» станцияда қатысушылар интерактивті,
практикалық оқулықтардың тұжырымдамасын жасады. Одан соң «Әдістемелік құралдар
мен нұсқаулықтар» бөлімі тиімді қолданбалы нұсқаулықтар мен практикумдар
идеясын табуға бағытталды.
«Жобалық жұмыстар мен зерттеулер банкі» сессиясында
ғылыми-зерттеу және стартап/жобалық жұмыстарға арналған өзекті тақырыптар
жиналды. Ал соңғы «Авторлық бағдарламалар мен патенттік бастамалар»
станциясында оқытушының жеке брендін, авторлық курстарын, элективті пәндерін
дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді. Әр станцияда қатысушылар 12-15 минуттан
жұмыс істеп, идеяларды толықтырып, дамытты.
Сессия соңында «Dotmocracy» әдісі арқылы ең өзекті, іске
асыруға мүмкіндігі жоғары және инновациялық деп танылған идеяларға дауыс
берілді. Модератор іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.
Сессия «3М» рефлексиясымен аяқталды. Апталық жұмысы әлі де жалғасады.
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.