Өрлеу

«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: ӘДЕБИЕТ – ОЙ МЕН ПІКІР АЛМАСУ АЛАҢЫ

«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: ӘДЕБИЕТ – ОЙ МЕН ПІКІР АЛМАСУ АЛАҢЫ

Оқырман қоғамын қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде оқу мәдениетін қалыптастырудың, кітапты ұлттық құндылық ретінде дәріптеудің және интеллектуалды ұлт тәрбиелеудің маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын.

Осы бастаманы қолдау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтарында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы жүзеге асырылуда. Жоба кәсіби ортада оқу мәдениетін дамытуға, корпоративтік құндылықтарды нығайтуға және қызметкерлер арасында зияткерлік қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

2026 жылғы 17 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында белгілі қазақстандық жазушы Роза Мұқанованың шығармашылығына арналған оқырман сессиясының екінші кезеңі өтті.

«Бір кітап – бір әлем: Роза Мұқанова шығармаларындағы адам тағдыры мен қоғам шындығы» тақырыбындағы әдеби-танымдық кездесу аясында жазушының жинағына енген 20 шығарманың мазмұны мен идеялық-көркемдік ерекшеліктері талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар шығармалардың негізгі тақырыптарына, әдеби кейіпкерлердің тағдырына, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа қатысты ой қозғады. Әсіресе ар-ұждан, мейірімділік, жауапкершілік, адамгершілік және рухани құндылықтар мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әдеби пікірталастар, шығармашылық тапсырмалар мен рефлексия жұмыстары қатысушыларға өз көзқарастарын білдіруге, оқыған шығармалары бойынша ой бөлісуге және автор көтерген мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар көркем шығармалардағы оқиғалар мен бүгінгі қоғам өміріндегі өзекті мәселелер арасында байланыс орнатылды.

Кездесуде кітап оқудың тұлғалық және кәсіби дамудағы рөліне де ерекше мән берілді. Көркем әдебиет адамның дүниетанымын кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытады, өзгенің жан дүниесін түсінуге, пікірін еркін әрі дәлелді жеткізуге үйретеді.

Бұл басқосу кітаптың тек білім мен рухани байлықтың қайнар көзі ғана емес, ұжым мүшелерін ортақ ой мен ізгі мақсат төңірегіне біріктіретін маңызды құрал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бірлесіп кітап оқу өзара түсіністікке, ашық пікір алмасуға және мазмұнды кәсіби қарым-қатынасқа жол ашады.

«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұжымда кітап оқуды тұрақты дәстүрге айналдыруға, рухани және зияткерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Кітап оқитын ұжым – жаңа идеялар мен білімге, ізденіс пен дамуға әрдайым ашық ұжым!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: ӘДЕБИЕТ – ОЙ МЕН ПІКІР АЛМАСУ АЛАҢЫ — Өрлеу