Өрлеу

Кезекті аппараттық кеңес өтті

Кезекті аппараттық кеңес өтті
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында филиал директоры Балауса Жалмуханованың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Кеңес барысында өткен аптада атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, институт қызметінің негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырылған іс-шаралардың барысы мен нәтижелері сараланды. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған міндеттердің орындалу тетіктері мен өзекті мәселелер талқыланды.

Күн тәртібінде биыл біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, республикалық деңгейде өткізілген конференциялар мен іс-шаралардың қорытындыларын саралау, қаржылық сауаттылық курстары аясындағы жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау мәселелеріне басымдық берілді. Сондай-ақ жылдық есепті әзірлеу барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін нақты әрі жүйелі көрсету, есептік мәліметтердің сапасы мен мерзімдік талаптардың сақталуы, Орталық аппаратпен тұрақты байланысты қамтамасыз ету мәселелері жеке қаралды.

Талқылау барысында бөлім басшылары мен жауапты қызметкерлер өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, кездескен мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе, басталған жұмыстарды тек орындаумен шектелмей, олардың нәтижесін саралау, педагогтерге көрсетілетін әдістемелік қолдаудың тиімділігін арттыру және жоспарланған іс-шаралардың сапалы жүзеге асуына баса назар аударылды.

Кеңесте алдағы аптаға арналған жұмыс жоспары нақтыланып, әр бағыт бойынша басым міндеттер мен жауапты орындаушылар айқындалды.

Кеңес қорытындысында филиал директоры Балауса Жалмуханова тапсырмалардың уақытылы орындалуымен қатар, олардың сапасы мен нақты нәтижесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге бөлімдер арасындағы өзара үйлесімді жұмысты күшейту, бастамаларды жүйелі жүзеге асыру, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, шешім қабылдау және институт қызметінің барлық бағытында нәтижеге бағдарланған жұмыс тәсілін ұстану жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Кезекті аппараттық кеңес өтті — Өрлеу