
Жаңалықтар


«Педагогикалық идеялар панорамасы–2026»: Қостанай облысының жеңімпаздары марапатталды
Қостанай облысында «Педагогикалық идеялар панорамасы–2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтауға және тиімді идеяларды білім беру тәжірибесіне енгізуге бағытталған. Биыл өңірлік кезең жеті бағыт бойынша ұйымдастырылды. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, І орын иегерлері байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. «Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша…