Өрлеу

«ӨРЛЕУДІҢ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ КІТАП ҚОРЫ ЖАҢА БАСЫЛЫМДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

«ӨРЛЕУДІҢ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ КІТАП ҚОРЫ ЖАҢА БАСЫЛЫМДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалдарына жаңа кітаптар келіп түсті. Бұл – «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясының маңызды қадамдарының бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамалары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолдауымен білім беру саласында да жалғасын табуда.

 Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде қызметкерлер арасында кітап оқуды насихаттауға, оқу мәдениетін кәсіби және тұлғалық дамудың ажырамас бөлігіне айналдыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Акция аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы өңірлік филиалдардың кітапханаларына 200 жаңа кітап тарту етті. Кітап қорлары қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындыларымен, педагогика саласындағы еңбектермен және заманауи шығармалармен толықты.

 Олардың қатарында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» шығармалары, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі және басқа да құнды басылымдар бар.

 Жаңа кітаптардың келуі «Өрлеу» ұжымында оқу мәдениетін дамытуға тың серпін берді. Әдеби шығармаларды бірлесе оқып, пікір алмасу қызметкерлердің рухани дүниесін байытып қана қоймай, кәсіби дамуы мен шығармашылық ізденісіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУДІҢ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ КІТАП ҚОРЫ ЖАҢА БАСЫЛЫМДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ — Өрлеу