Өрлеу

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК: «ӨРЛЕУДЕ» ТРЕНЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ СЕССИЯСЫ ӨТУДЕ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК: «ӨРЛЕУДЕ» ТРЕНЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ СЕССИЯСЫ ӨТУДЕ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында Британдық Кеңестің AELLCA бағдарламасы аясында «Орталық Азияда ағылшын тілін жеделдетіп оқыту» бастамасына негізделген каскадты оқыту сессиялары өтуде.

Оқыту сессиясын институттың оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Британдық Кеңестің «шебер-тренері» Бибигүл Нурмуханова жүргізуде.

Халықаралық жоба аясында арнайы даярлықтан өткен Бибигүл Сарсеновна бағдарлама барысында меңгерген білімдері мен тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп, каскадты оқыту қағидатына сәйкес тренерлік құзыреттіліктерді дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуда.

Сессияның негізгі мақсаты – аға оқытушылардың кәсіби тренерлік құзыреттіліктерін жетілдіру, үздіксіз кәсіби даму (ҮКД) және инклюзивті білім беру қағидаттарына негізделген педагогтерді оқытудың тиімді тәсілдерін меңгерту.

Оқыту барысында қатысушылар:

🔹 тренингтік сессияларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жоспарлау;

🔹 ересектерді оқытудың ерекшеліктерін ескеру;

🔹 тыңдаушыға бағдарланған белсенді оқыту әдістерін қолдану;

🔹 оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру;

🔹 фасилитация және сындарлы кері байланыс дағдыларын дамыту;

🔹 оқу тапсырмаларына нақты нұсқаулықтар беру және рефлексияны жүйелі ұйымдастыру мәселелерін қарастыруда.

Сессияның практикалық бағыты қатысушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, микрооқыту арқылы тренерлік шеберліктерін жетілдіруге және әріптестік бағалау негізінде кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беруде. 

Халықаралық тәжірибеге негізделген мұндай оқыту сессиялары оқытушылардың кәсіби әлеуетін арттырып, заманауи тренерге қажетті құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған тиімді кәсіби алаң қалыптастырады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК: «ӨРЛЕУДЕ» ТРЕНЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ СЕССИЯСЫ ӨТУДЕ — Өрлеу