Өрлеу

Апталық аясында әдістемелік жұмыс жазу жолдары түсіндірілді

Апталық аясында әдістемелік жұмыс жазу жолдары түсіндірілді

Бүгін «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы аясында жоспарланған кезекті іс-шара өтті. Институттың аға оқытушысы Райхан Жұманова тренерлерге әдістемелік жұмыс жазудың негізгі бағыттары мен баспа өнімдеріне қойылатын талаптар жөнінде дәріс оқыды.

 

Кездесу барысында әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылу түрлері, әдістемелік өнімдердің жіктелуі, олардың көлемі мен құрылымы, сондай-ақ облыстық деңгейде сараптамадан өткізу және бекіту тәртібі түсіндірілді.

 

Сонымен қатар әдістемелік нұсқаулық, әдістемелік құрал, әдістемелік ұсыным және оқу-әдістемелік құралдардың ерекшеліктері, оларды рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар мен қажетті құжаттар пакеті туралы нақты ақпарат берілді.

 

Дәріс барысында қатысушылар әдістемелік өнім әзірлеуде ескерілетін маңызды талаптармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 

Апталықтың келесі кезеңінде институттың аға оқытушылары өздерінің әдістемелік идеялары мен авторлық жобаларын таныстырып, апталық жұмысының қорытындылайтын болады.

 

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар