ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ

География
пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану –
білім алушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға, ақпаратты талдау
дағдыларын жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік
береді.
Осы
бағыттағы озық тәжірибелермен бөлісу мақсатында Жаңақорған ауданындағы №167
орта мектептің базасында «География пәнін оқытудағы заманауи тәсілдер: жасанды
интеллект пен цифрлық технологиялар» тақырыбында облыстық семинар
ұйымдастырылды.
Семинар
жұмысына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының, облыстық оқу орталығының,
Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің өкілдері және өңірдің география пәні
мұғалімдері қатысты.
Іс-шара
барысында қатысушыларға мектептің білім беру ортасы мен «География, гидрография
және жасанды интеллект» тақырыбында көрме таныстырылды.
Семинардың
практикалық бөлімінде «Қазақстанның климатын түзуші факторлар», «География
сабағында жасанды интеллект арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту», «География сабағындағы геоақпараттық ресурстар: қолдану тәжірибесі
және тапсырма үлгілері», т.б. бағыттар бойынша панорамалық және практикалық
сабақтар өткізілді. Сондай-ақ
GeoSmartCalc цифрлық құралы арқылы 11-сынып оқушыларының экологиялық ізін
есептеу тапсырмалары таныстырылып, семинар «GEO-INTELLECT» интеллектуалды
сайысымен қорытындыланды.
Семинар
педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, география пәнін оқытуда жасанды
интеллект пен цифрлық құралдарды қолданудың жаңа мүмкіндіктерін зерделеуге және
тиімді педагогикалық шешімдерді тәжірибеге енгізуге ықпал ететін кәсіби алаңға
айналды.
Басқа жаңалықтар

«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау»
30 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Өрлеу Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды ғылыми-әдістемелік басқосуға 2000-ға жуық педагог қатысып, білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

Курстан кейінгі қолдау және мониторинг: Әдістемелік семинар өтті
Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Курстан кейінгі қолдау және педагог қызметінің мониторингін жүргізу тәртібі» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинар өтті.

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы
Өзгерісті өзіңнен баста: кәсіби қызметті рефлексиялау және даму стратегиясын жоспарлау