Курстан кейінгі қолдау және мониторинг: Әдістемелік семинар өтті

Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының
ұйымдастыруымен «Курстан кейінгі қолдау және педагог қызметінің мониторингін
жүргізу тәртібі» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинар өтті.
Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Түркістан облысы
бойынша филиалы директорының орынбасары Ақнұр Сейдалиева, IT маманы Бекнұр
Ермахан және аудандық, қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің
жауапты әдіскерлері қатысты.
Мазмұнды жиынды орталықтың «Педагогтерді кәсіби дамыту» бөлімінің меңгерушісі
Бекет Үсенбекұлы жүргізді. Семинар барысында курстан кейінгі сүйемелдеудің
нормативтік-құқықтық негіздері, жылдық жұмыс жоспары және LMS/BELES цифрлық
платформасында жеке кәсіби даму жоспары мен рефлексиялық есептерді рәсімдеу
жолдары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар сабақтарды бақылау, диагностика,
кері байланыс орнату нысандары мен мектеп әкімшілігі және кураторлардың өзара
іс-қимыл алгоритмі егжей-тегжейлі пысықталды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар
беріліп, өзара тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Мұндай жүйелі әдістемелік
қолдау мұғалімдердің курста алған теориялық білімін оқу процесіне сапалы әрі
нәтижелі енгізуіне жол ашады.
Айта кетейік, шараның басты мақсаты – біліктілікті арттыру курстарынан өткен
ұстаздарды жыл бойы жүйелі әдістемелік сүйемелдеу, алған білімді сабақ
тәжірибесіне енгізу және мониторинг жүргізудің заманауи тетіктерін түсіндіру.
Басқа жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ
География пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану – білім алушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға, ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау»
30 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Өрлеу Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды ғылыми-әдістемелік басқосуға 2000-ға жуық педагог қатысып, білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы
Өзгерісті өзіңнен баста: кәсіби қызметті рефлексиялау және даму стратегиясын жоспарлау