«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау»

30 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Өрлеу Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ауқымды ғылыми-әдістемелік басқосуға 2000-ға жуық педагог қатысып, білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Конференция аясында жасанды интеллект, STEAM технологиялары және инклюзивті білім беру бағыттарындағы инновациялық тәсілдер мен өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияның маңызды нәтижелерінің бірі – оқушылардың ғылыми жобаларына халықаралық деңгейде қолдау білдірілуі болды. Атап айтқанда, шетелдік инвесторлар мен еліміздегі Google компаниясының ресми өкілдері жас зерттеушілердің бастамаларына қызығушылық танытып, олардың ғылыми жобаларын одан әрі дамытуға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, жас ғалымдардың халықаралық ғылыми байқаулар мен конкурстарға қатысуына мүмкіндік жасау, жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бағытында ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.
Бұл – жас ұрпақтың ғылыми әлеуетін дамытуға, отандық білім мен ғылымның халықаралық кеңістікке шығуына жол ашатын маңызды қадам.
Басқа жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ
География пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану – білім алушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға, ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Курстан кейінгі қолдау және мониторинг: Әдістемелік семинар өтті
Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Курстан кейінгі қолдау және педагог қызметінің мониторингін жүргізу тәртібі» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинар өтті.

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы
Өзгерісті өзіңнен баста: кәсіби қызметті рефлексиялау және даму стратегиясын жоспарлау