«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы

Өзгерісті өзіңнен баста: кәсіби қызметті
рефлексиялау және даму стратегиясын жоспарлау
«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы аясында
аға оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, педагогикалық тәжірибесін
саралауға және алдағы оқу жылына арналған жеке даму бағыттарын айқындауға
арналған «Өзгерісті өзіңнен баста: кәсіби қызметті рефлексиялау және даму
стратегиясын жоспарлау» тақырыбында воркшоп ұйымдастырылды.
Воркшоптың негізгі мақсаты – педагогтердің өз кәсіби қызметіне терең рефлексия
жасауына мүмкіндік беру, жетістіктері мен даму аймақтарын анықтау, сондай-ақ
үздіксіз кәсіби даму мәдениетін қалыптастыру.
Семинар барысында қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибелерін 4L (Liked,
Learned, Lacked, Longed) рефлексия әдісі арқылы талдап, өткен кезеңдегі
жетістіктерін, үйренген жаңа білімдері мен дағдыларын, жетіспеген тұстарын және
алдағы уақытта жүзеге асырғысы келетін идеяларын саралады.
Жеке рефлексия нәтижелері әріптестер арасында талқыланып, тәжірибе алмасу,
өзара қолдау және кәсіби көзқарастарды кеңейтуге бағытталған мазмұнды пікір
алмасу жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушылар алдағы жылға арналған SMART мақсаттарын айқындап,
нақты, өлшенетін, қолжетімді, өзекті және мерзімі белгіленген кәсіби даму
міндеттерін тұжырымдады. Осы мақсаттарға сәйкес жеке даму жоспарларына
түзетулер енгізіп, кәсіби өсуге бағытталған нақты қадамдарын белгіледі.
Воркшоп педагогтердің өз әлеуетін бағалауға, кәсіби қызметіне жаңа көзқараспен
қарауға, даму мүмкіндіктерін ашуға және өзгерістерді саналы түрде жоспарлауға
ықпал етті.
Өзгеріс – саналы таңдаудан, ал кәсіби өсу – өзіңе жасаған қадамнан басталады!
Басқа жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ
География пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану – білім алушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға, ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау»
30 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Өрлеу Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды ғылыми-әдістемелік басқосуға 2000-ға жуық педагог қатысып, білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

Курстан кейінгі қолдау және мониторинг: Әдістемелік семинар өтті
Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Курстан кейінгі қолдау және педагог қызметінің мониторингін жүргізу тәртібі» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинар өтті.