
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА СҮЙЕМЕЛДЕУ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында қала және аудан бойынша қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған офлайн форматта ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуде пилоттық жоба аясында педагогтерді «Ұстаз» платформасында сүйемелдеу, сондай-ақ қосымша білім беру педагогінің портфолиосын қалыптастыру талаптары мен оны платформаға орналастыру тәртібі түсіндірілді. Қатысушылар өз сұрақтарына жауап…










