Курс тыңдаушыларына сертификат табысталды

Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының кезекті тобы аяқталды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтытының директор орынбасары Мұхтар Ахтаев тыңдаушыларға сертификат табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Курс тыңдаушысы Түркістан қаласындағы Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлназ Мамбетова өз пікірімен бөлісті. Алдағы уақытта қаржы өнімдері мен қызметтерінің негізгі түрлерімен танысып, оларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдарын практика барысында қолданатынын жеткізді.
Курстың тренерлері – институттың аға оқытушылары Жанат Райымқұлова мен Мырзаиым Сариева. Сонымен қатар ҚР Ұлттық банкінің мамандары жан-жақты мағлұмат берді. Тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қаржылық мәселелерді талдап, тиімді шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Басқа жаңалықтар

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

«ПАРАСАТ МАЙДАНЫ»: ОЙ ТЕРЕҢДІГІ МЕН ЗЕРДЕ ҰШҚЫРЛЫҒЫ ТОҒЫСҚАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ АЛАҢ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясының үшінші ұжымдық кітап оқу сессиясы өтті.