Өрлеу

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Бұл – педагогтер үшін қаржылық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, күнделікті өмірде саналы әрі салмақты қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Курс аясында қатысушылар жеке қаржысын тиімді басқаруды, қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды және болашаққа сенімді жоспар құруды үйренеді.

Апта бойы тәжірибелі тренер Ғани Өтегенов курс қатысушыларына қаржылық сауаттылықтың теориялық негіздерін түсіндіріп, тақырыпты практикалық тапсырмалар арқылы меңгертуге бағытталған сабақтар өткізеді.

Курс барысында алынған білім мен қалыптасқан дағдылар педагогтердің қаржылық мәселелерге жауапкершілікпен қарауына, қаражатты тиімді басқаруына және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуіне ықпал етеді деп сенеміз.

Қаржылық сауаттылық – тұрақты болашаққа бастайтын маңызды қадам!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар