Өрлеу

AITU SUPERAPP: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

AITU SUPERAPP: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Zoom платформасы арқылы ұйымдастырған ақпараттық конференцияға қатысты.

Онлайн кездесу қазақстандық Aitu SuperApp мессенджерін білім беру ұйымдарында қолдану мүмкіндіктеріне арналды. Эфир барысында қатысушыларға қосымшаны орнату, тіркелу, негізгі функцияларын пайдалану және файл алмасу жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Конференция спикері Ильяс Касембаев педагогтер мен білім алушыларды Aitu платформасына көшіру мәселесіне тоқталып, алдағы уақытта енгізілетін биометриялық верификация тәртібі туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, білім беру үдерісіндегі өзара байланысты жеңілдету мақсатында BilimLand платформасындағы ата-аналар чаттарын Aitu қосымшасына толық интеграциялау жоспарланғаны айтылды.

Кездесу барысында отандық цифрлық өнімдерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалану, ақпарат алмасу үдерісін оңтайландыру және педагогтер мен ата-аналар арасындағы байланысты дамыту мәселелері қамтылды.

Ақпараттық конференция қатысушыларға Aitu SuperApp мүмкіндіктерімен танысып, оны білім беру саласында қолдану тәртібін түсінуге мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

AITU SUPERAPP: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ — Өрлеу