ОРАЛДА ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ ТӘЛІМГЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

20 қараша күні Орал
қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму
институтында «Жас педагогтерге тәлімгерлік: тиімді сүйемелдеу модельдері»
тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның пленарлық
мәжілісін «Өрлеу» БАҰО» АҚ БҚО бойынша Кәсіби даму институтының директоры,
педагогика ғылымдарының кандидаты Софья Салахиденқызы Измуханбетова алғы сөзбен
ашты. Жас педагогтердің кәсіби қалыптасуы мен дамуы үдерісіндегі тәлімгерліктің
маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тілеп, тәжірибе алмасу мен
кәсіби диалогтың нәтижелі болуына тілек білдірді.
Республикалық деңгейде
ұйымдастырылған кәсіби алаңға білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер,
тәлімгерлер, әдіскерлер және білім беру саласының өкілдері қатысты.
Конференция барысында жас
педагогтерді кәсіби қолдау, олардың білім беру ұйымдарына бейімделуіне жағдай
жасау, тәлімгерлік тәжірибесін жетілдіру және заманауи сүйемелдеу модельдерін
енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.
Пленарлық мәжілістен кейін
конференция жұмысы төрт секциялық бағыт бойынша жалғасты:
1.
«Жас педагогті кәсіби бейімдеудің тиімді модельдері»;
2.
«Тәлімгер мен жас педагог: тиімді кәсіби серіктестік»;
3.
«Тәлімгерліктің заманауи сүйемелдеу құралдары»;
4.
«Тәлімгерлік жұмыстың нәтижелілігін бағалау және мониторинг».
Секциялық отырыстарда
қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас педагогтерді
қолдаудың тиімді тәсілдерін, тәлімгерлік жұмысты ұйымдастырудың заманауи
тетіктерін және оның нәтижелілігін арттыру жолдарын ортаға салды. Кәсіби пікір
алмасу барысында тәжірибелік ұсыныстар айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияның басты
мақсаты – жас педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді тәлімгерлік
модельдерін зерделеу, озық тәжірибелерді тарату және білім беру ұйымдары
арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шара жас педагогтерді
кәсіби қолдаудың маңыздылығын айқындап, тәлімгерлік институтын дамытуға
бағытталған тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастықтың маңызды алаңына айналды.
Басқа жаңалықтар

Шардарада педагогтерге арналған оқыту семинары өтті
23-24 қараша аралығында Шардара ауданы, №1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Цифрлық білім беру контекстіндегі пәнаралық байланыс: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың инновациялық әдістері» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖИ ҚҰРАЛДАРЫ: ТИІМДІ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Филиал қабырғасында «Үштік спираль» моделі негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және курста меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдануына бағытталған курстан кейінгі қолдау вебинары ұйымдастырылды.

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР
Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау аясында «География пәнінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету және мұғалімдердің ЖИ арқылы оқу тапсырмаларын құрастыру қабілеттерін дамыту» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.