Өрлеу

Цифрлық білім беру ресурстары: Manus.im жасанды интеллект құралын тиімді пайдалану

Цифрлық білім беру ресурстары: Manus.im жасанды интеллект құралын тиімді пайдалану
«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында «Цифрлық білім беру ресурстары: педагогтің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру. Manus.im ЖИ» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды филиалдың аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі Ғани Байғалиұлы жүргізді. Ол қатысушыларға Manus.im жасанды интеллект құралын тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, оны педагогтің әдістемелік жұмысында қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.
Практикалық бөлімде қатысушылар жасанды интеллект көмегімен курстарға арналған презентациялар әзірлеу, бейнероликтер дайындау және оқу материалдарын қызықты әрі тартымды ұсыну тәсілдерін меңгерді.
Семинар нәтижесінде филиал оқытушылары оқу курстарын мазмұнды, заманауи әрі тыңдаушылар үшін пайдалы ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық құралдармен танысты.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Цифрлық білім беру ресурстары: Manus.im жасанды интеллект құралын тиімді пайдалану — Өрлеу