МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: ТИІМДІ ҚҰРАЛДАР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Мектептегі басқару сапасы тек қабылданған шешімдермен емес,
сол шешімдердің қаншалықты жүйелі, нақты деректерге негізделіп жүзеге асуымен
өлшенеді. Ал, бұл үдерісте цифрлық құралдардың мүмкіндігі ерекше.
Ақмарал Изтлеуованың ұйымдастыруымен Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім
беретін орта мектебінде «Мектептің ішкі бақылау жүйесін цифрландыру: тиімді
құралдар мен тәжірибе» тақырыбындағы облыстық шеберхананың кезекті отырысы
өтті. Шеберхана жетекшісі : Тансыкбаева А.С., Міржақып Дулатұлы атындағы
№63ЖББОМЛ-нің мектеп директорының оқу жұмысының орынбасары, бірінші санатты
басшы орынбасар.
Шеберхана барысында мектепішілік бақылауды цифрлық форматта ұйымдастыру,
оқу-тәрбие үдерісін құжаттандыру, білім сапасына мониторинг жүргізу және оның
нәтижелерін талдау мәселелері назарға алынды. Қатысушылар басқару жұмысында
қолдануға болатын тиімді цифрлық құралдармен танысып, оларды тәжірибеде
пайдалану жолдарын қарастырды.
Басты назар – цифрландыруды қосымша жұмыс емес, басқару үдерісін жеңілдететін,
деректерді жүйелеуге, уақытты үнемдеуге және негізделген шешім қабылдауға
мүмкіндік беретін тиімді тетік ретінде қолдануға аударылды.
Осындай кәсіби алаңдар басқарушы кадрлардың цифрлық құзыреттілігін арттырып
қана қоймай, мектепті басқарудың заманауи тәсілдерін тәжірибе арқылы
жетілдіруге жол ашады.
Басқа жаңалықтар

САУАТТЫ ШЕШІМ – КЕЗДЕЙСОҚ СӘТТІЛІКТЕН ӘЛДЕҚАЙДА СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Цифрлық тарих: оқытудың жаңа форматы
Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді. Бүгінде педагог – цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуші және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырушы тұлға.

«ПАРАСАТ МАЙДАНЫ»: ОЙ ТЕРЕҢДІГІ МЕН ЗЕРДЕ ҰШҚЫРЛЫҒЫ ТОҒЫСҚАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ АЛАҢ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясының үшінші ұжымдық кітап оқу сессиясы өтті.