СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік
қоғамының «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалында білім
беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, оның алдын алу және
құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру
жиыны өтті.
Жиынның мақсаты мен маңыздылығына институт басшысы Нұржан
Нұрлыбаев тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір азаматтың, әсіресе
білім беру саласында еңбек ететін мамандардың ортақ жауапкершілігі екенін атап
өтті. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында әділдік, ашықтық, адалдық пен
жауапкершілік қағидаттарын берік ұстанудың маңыздылығына назар аударды.
Кездесуге арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Эльмира Байдарбекова
қатысушыларға тақырып аясында жан-жақты ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын
жүргізді.Атап айтқанда, жиын барысында cыбайлас жемқорлық ұғымы, оның қоғам мен
мемлекет дамуына тигізетін кері әсері, cыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарының алдын алу және оған жол бермеу жолдары, ьілім беру саласындағы
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және төмендету тетіктері, қызметтік
міндеттерді орындау кезінде заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарын
басшылыққа алу, жас мамандардың мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері,
конкурсқа қатысу тәртібі мен кәсіби дамуына жасалған жағдайлар кеңінен сөз
болды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған
сұрақтарын қойып, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай
кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, сыбайлас
жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға да ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек уәкілетті органдардың
міндеті емес, ол – қоғамның әрбір мүшесіне жүктелген азаматтық жауапкершілік. Заңды
құрметтеу, адал еңбек ету, әділ шешім қабылдау және кез келген заңсыз әрекетке
жол бермеу – парасатты қоғам қалыптастырудың негізгі алғышарттары. Білім беру
саласы – ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағының негізі. Сондықтан білім беру
ұйымдарында адалдық пен әділдік құндылықтарын орнықтыру, ашықтықты қамтамасыз
ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытындағы жұмыстар жүйелі
түрде жалғасын табуы тиіс.
Адалдық – адамдықтың белгісі, әділдік – қоғамның тірегі!
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.