«Өрлеу» Жетісу облысы бойынша филиалында педагогикалық шеберлік апталығы басталды

«Өрлеу» Жетісу облысы бойынша филиалында
педагогикалық шеберлік апталығы басталды
16 қарашадан бастап, филиалда «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму
апталығы өтуде.
Апталық аясында
«Өрлеу» Жетісу облысы бойынша филиалының тренері Айгүл Қазбекова филиал
қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинар барысында
педагогтің заман талабына сай үздіксіз дамуының маңыздылығы, кәсіби
құзыреттілікті жетілдіру жолдары талқыланды. Сонымен қатар Lesson Study зерттеу
тәсілі мен коучинг туралы ақпарат беріліп, олардың педагогикалық тәжірибені
дамытудағы рөлі түсіндірілді.
Айта кету керек,
Педагогикалық шеберлік апталығы – бұл "Өрлеу"орталығының қазіргі
жаттықтырушылары мен педагогтары арасында педагогикалық шеберлікті жетілдіруге
және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған әдістемелік іс-шаралар циклі қараша айының
20-на дейін жалғасады.
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.