Өрлеу

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы арасында өзара әріптестік байланыс нығайып, тәжірибе алмасу, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бағытында бірқатар бірлескен жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне «Мәтіннен концептуалды талдауға: оқылым стратегияларын тиімді қолдану жолдары» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Тәжірибелік шара болашақ мұғалімдердің мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы мәтінді терең түсіну, мазмұндық және концептуалдық тұрғыдан талдау құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Практикалық жұмыс барысында білім алушыларға белсенді оқылымның негізгі стратегиялары: түсініп оқу, талдап оқу, іріктеп оқу және зерттеп оқу тәсілдері таныстырылды. Аталған стратегиялар негізінде мәтіннің мазмұндық құрылымын саралау, негізгі идеясы мен авторлық ұстанымын айқындау, астарлы мағынаны тану және мәтінге метаталдау жүргізу жолдары бойынша практикалық тапсырмалар орындалды.

Семинар барысында мәтінді оқып, мазмұнын меңгерумен қатар, оның идеялық-көркемдік ерекшеліктерін зерделеу, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және өзіндік тұжырым қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен қарастырылды.

Қорқыт Ата университеті мен «Өрлеу» арасындағы әріптестік білім беру сапасын арттыруға, академиялық және кәсіби тәжірибені ұштастыруға, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына бағытталған бірлескен жұмыстың үлгісі болып табылады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар