БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ТАЛДАУ, ИНТЕРПРЕТАЦИЯ, РЕФЛЕКСИЯ

«Өрлеу»
Қызылорда облысы бойынша филиалы өңіріміздегі жоғары және арнаулы орта білім
беру ұйымдарымен әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға, өзара тәжірибе алмасуға
және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге
асырып келеді.
Осы
бағыттағы ынтымақтастық аясында институттың кафедра меңгерушісі, филология
ғылымдарының кандидаты Исаева Жанар Аманжолқызы М. Мәметова атындағы Қызылорда
педагогикалық жоғары колледжінің бітіруші курс студенттеріне «Бір мәтін –
бірнеше мүмкіндік: талдау, интерпретация, рефлексия» тақырыбында мазмұнды дәріс
сабағын өткізді.
Дәріс
барысында студенттер оқылым стратегияларының тиімді тәсілдерімен танысып,
көркем мәтінді талдаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Абай шығармасының
идеялық-көркемдік мазмұнына терең бойлап, ақынның «бес асыл іс» пен «бес
дұшпан» туралы тағылымды тұжырымдарын талқылады. Өзара пікір алмасу арқылы сыни
ойлау, талдау және қорытынды жасау дағдыларын жетілдірді.
Сонымен
қатар дәріс барысында заманауи оқыту әдістері мен оқылым стратегияларын оқу
үдерісінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді. Бұл болашақ қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімдерінің пәндік білімін тереңдетіп, кәсіби құзыреттілігін
дамытуға мүмкіндік берді.
«Өрлеу»
Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты білім беру ұйымдарымен
әріптестік байланысты нығайтып, болашақ ұстаздардың кәсіби қалыптасуына қолдау
көрсету жұмыстарын жалғастырады.
Басқа жаңалықтар

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы арасында өзара әріптестік байланыс нығайып, тәжірибе алмасу, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бағытында бірқатар бірлескен жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: ҮЗДІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР АЛАҢЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдау міндеттеріне сәйкес филиалда «Біртұтас тәрбие құндылықтарын қалыптастыру: үздік бастауыш сынып тәжірибелері» тақырыбында вебинар өтті.

«ӨРЛЕУ» ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Конференцияның мақсаты – білім беру үдерісіндегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдерін талқылау, пәндік оқыту мен цифрлық инновациялардың өзара ықпалдастығын көрсету, педагогтердің цифрлық және жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметінде қолдану құзыреттерін дамыту, сондай-ақ білім сапасын арттыруға бағытталған озық тәжірибелермен алмасу.