Өрлеу

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: ҮЗДІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР АЛАҢЫ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: ҮЗДІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР АЛАҢЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдау міндеттеріне сәйкес филиалда «Біртұтас тәрбие құндылықтарын қалыптастыру: үздік бастауыш сынып тәжірибелері» тақырыбында вебинар өтті.

«Үштік спираль» моделі негізінде ұйымдастырылған вебинар бастауыш сынып мұғалімдерінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға бағытталған.

Кездесу барысында құндылыққа бағдарланған оқытудың нормативтік және әдістемелік негіздері, МЖМБС талаптары мен «Адал азамат» бағдарламасы құндылықтарының сабақтастығы, оқу мақсаттары мен тәрбие міндеттерін өзара үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Вебинардың тәжірибелік бөлімінде курс тыңдаушылары тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын бастауыш сынып сабақтарында қалыптастыруға бағытталған педагогикалық тәжірибелерін бөлісті. Сабақ үлгілері, тапсырмалар мен білім алушы әрекеттері негізінде құндылықтарды білім мазмұнына кіріктірудің тиімді жолдары ұсынылды.

Сонымен қатар педагогтер құндылықтарды қалыптастыру барысында кездесетін әдістемелік қиындықтарды талқылап, оларды шешу жолдарын саралады. «Бір құндылық – бір шешім – бір нәтиже» қағидаты негізінде әр қатысушы өз тәжірибесіне енгізетін нақты педагогикалық қадамын айқындады.

Құндылыққа негізделген білім беру – білімді ұрпақ тәрбиелеумен қатар, жауапкершілігі жоғары, отаншыл, адал әрі жасампаз азамат қалыптастырудың берік негізі.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар