СҚО «Өрлеу» филиалында екі апталық бюджеттік біліктілікті арттыру курстары басталды.

СҚО «Өрлеу» филиалында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылатын екі апталық бюджеттік біліктілікті арттыру курстары басталды.
Оқуға қазақ, орыс және ағылшын тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, сондай-ақ география пәнінің мұғалімдері кірісті. Білім беру үдерісі келесі бағдарламалар бойынша ұйымдастырылған:
— «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. “Қазақ тілі мен әдебиеті” (Т2)»;
— «New approaches to the implementation of the State compulsory standard for education: from goals to expected learning outcomes. “English language”»;
— «Новые подходы реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам. “Русский язык” и “Русская литература” (Я1)»;
— «Новые подходы реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам. “География”».
Сонымен қатар оқыту Айыртау ауданы базасында да ұйымдастырылып, онда педагогтердің екі тобы жасақталды. Орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері келесі бағдарламалар бойынша біліктілігін арттыруда:
— «Цифровые технологии и искусственный интеллект для персонализации обучения»;
— «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. “Қазақ тілі” және “Қазақ әдебиеті” (Т1)».
Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп жүзеге асырылатын «Қаржылық сауаттылық негіздері» атты бір апталық курс басталды.
Аталған курстарды өткізу педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге және білім беру жүйесінің өзекті талаптарына сәйкес оқыту сапасын арттыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.