БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?
Осы сұрақ Ақтөбе қаласындағы №11 мектеп-гимназиясында өткен «Бастауыш мектеп сабақтарындағы цифрлық технологиялар дивергентті ойлауды дамыту құралы ретінде» тақырыбындағы үшінші шығармашылық шеберхана отырысында кеңінен қарастырылды.
Шеберхана барысында педагогтер заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктерімен танысып қана қоймай, оларды оқу үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын тәжірибе жүзінде зерделеді. Қатысушылар шығармашылық тапсырмаларды орындап, идеялар генерациясына бағытталған жаттығуларға қатысып, сабақта қолдануға болатын жаңа жұмыс форматтарын сынақтан өткізді.
Кездесуде ерекше назар оқушылардың өз бетінше ізденуіне, таңдау жасауына, тәжірибе жүргізуіне және бір мәселенің бірнеше шешімін ұсынуына мүмкіндік беретін тапсырмаларды ұйымдастыруға аударылды. Сонымен қатар, педагогтер өзара тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдерімен және тың идеяларымен бөлісті.
Жаңа идеялар, тың шешімдер, шексіз мүмкіндіктер!
Педагогтердің шығармашылық ізденісі мен тәжірибе алмасуы алдағы уақытта да
жалғасын табады.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғау туралы түсінігін кеңейту – мектепке дейінгі білім берудің маңызды бағыттарының бірі.