ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру
жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект
мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық
басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бүгінгі технологиялық өзгерістер
жағдайында білім сапасын арттыру, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін
жетілдіру және білім беру ұйымдарын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру ерекше
маңызға ие.
Осы басым бағыттарды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
зерделеу және озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында «Өрлеу» Қызылорда
облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Жаһандық білім беру
кеңістігіндегі цифрлық трансформация және педагогтің кәсіби дамуы» тақырыбында
республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – білім берудің жаңа
парадигмасы жағдайында педагог пен заманауи технологиялардың тиімді үндестігін
қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындау, цифрлық құралдар мен
жасанды интеллектіні оқу және басқару үдерісінде нәтижелі қолдану тәжірибесін
тарату, педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған практикалық шешімдерді ұсыну.
«Өрлеу» филиалдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының
ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтердің басын қосқан ғылыми-тәжірибелік
алаңда мектептегі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, стратегиялық
көшбасшылық, жобалық менеджмент, инклюзивті білім беру ортасын жетілдіру,
CubeSat және MiniEcoLab жобалары арқылы зерттеушілік құзыреттерді дамыту,
жасанды интеллектіні пәндерді оқытуда қолдану, дербестендірілген оқу
траекторияларын жобалау және цифрлық технологиялардың педагогикалық
мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Конференцияның мазмұндық ерекшелігі – цифрлық
жаңашылдықтарды тек технологиялық құрал ретінде емес, білім беру сапасын
арттыруға, оқытуды дараландыруға, инклюзивті ортаны дамытуға және мектепті
тиімді басқаруға ықпал ететін кешенді мүмкіндік ретінде қарастыруында.
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында
педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, ғылыми ізденіс,
инновациялық тәжірибе және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыстар жыл бойы
жалғасатын болады.
Басқа жаңалықтар

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғау туралы түсінігін кеңейту – мектепке дейінгі білім берудің маңызды бағыттарының бірі.

ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ PYTHON КІТАПХАНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС
Сабақ барысында қатысушылар деректерді талдау негіздерімен, сипаттамалық статистика әдістерімен, ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарымен, кездейсоқ шамалардың таралу заңдылықтарымен, статистикалық қорытынды жасау және дисперсияны талдау тәсілдерімен танысты.

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кездесу барысында қазіргі еңбек нарығында аналитикалық және сыни ойлау, креативтілік, технологиялық сауаттылық, коммуникация және үздіксіз білім алу қабілеттерінің маңыздылығы атап өтілді. Спикердің айтуынша, бүгінгі білім беру жүйесінің міндеті – оқушыны белгілі бір мамандыққа ғана емес, өзгерістерге бейімделуге үйрету. Сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде адамның эмпатия, жүйелі ойлау, шығармашылық және белгісіз жағдайда шешім қабылдау секілді қабілеттерін дамыту қажеттілігі сөз болды.