Өрлеу

ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ PYTHON КІТАПХАНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ PYTHON КІТАПХАНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

«Білім берудегі ЖИ модельдері» біліктілікті арттыру курсы аясында тыңдаушылардың деректермен жұмыс істеу және оларды талдау құзыреттерін дамытуға бағытталған практикалық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында қатысушылар деректерді талдау негіздерімен, сипаттамалық статистика әдістерімен, ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарымен, кездейсоқ шамалардың таралу заңдылықтарымен, статистикалық қорытынды жасау және дисперсияны талдау тәсілдерімен танысты.

Практикалық бөлімде тыңдаушылар Google Colab платформасында Python бағдарламалау тілінің арнайы кітапханаларын пайдаланып, нақты тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда, деректерді өңдеу, статистикалық көрсеткіштерді есептеу, алынған нәтижелерді талдау және оларды графиктер мен диаграммалар арқылы визуализациялау жұмыстарын жүзеге асырды.

Мұндай практикалық жұмыс теориялық білімді нақты міндеттерді шешуде қолдануға, ақпаратты жүйелі талдауға және деректер негізінде негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Осылайша, тыңдаушылар жасанды интеллект технологияларын меңгерумен қатар, заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және деректермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруде.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар