МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғау туралы түсінігін кеңейту – мектепке дейінгі білім берудің маңызды бағыттарының бірі.
Осы мақсатта Ақтөбе қаласындағы «Mir 2» балабақшасында «Жасыл балабақша: табиғатты қорғайтын мамандықтар әлемі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Оған әлеуметтік серіктестер қатарында «Өрлеу» БАҰО-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалының өкілдері Бахытбек Утаров пен Карим Тикеев қатысты.
Семинарда мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру, олардың табиғатқа жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мамандықтармен ерте жастан таныстырудың тиімді тәсілдері талқыланды. Экологиялық білім беру мен кәсіби бағдарды өзара ұштастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Негізгі бағыттардың бірі – педагогтердің меңгерген әдіс-тәсілдерін күнделікті жұмысында тиімді қолдану. Қатысушылар экологиялық білім берудің заманауи әдістерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
Тәжірибелік бөлімде экологиялық бағыттағы шығармашылық алаңдардың жұмысы таныстырылып, табиғатты қорғауға арналған ойын технологиялары мен жасыл орта қалыптастырудың тиімді педагогикалық тәсілдері көрсетілді. Сондай-ақ балалардың экологиялық түсінігін кеңейтуге және табиғатқа қамқорлық жасау дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелер талқыланды.
«Өрлеу» филиалының өкілдері мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие мен кәсіби бағдар беру мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар болашақ тәрбиешілер – Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері мектепке дейінгі білім берудегі экологиялық бағыттағы жұмыстармен танысты. Бұл олардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуына мүмкіндік берді.
Семинар қорытындысында белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Табиғатты қорғау мәдениеті бала бойында күнделікті тәрбие
мен нақты әрекет арқылы қалыптасады.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ PYTHON КІТАПХАНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС
Сабақ барысында қатысушылар деректерді талдау негіздерімен, сипаттамалық статистика әдістерімен, ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарымен, кездейсоқ шамалардың таралу заңдылықтарымен, статистикалық қорытынды жасау және дисперсияны талдау тәсілдерімен танысты.

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кездесу барысында қазіргі еңбек нарығында аналитикалық және сыни ойлау, креативтілік, технологиялық сауаттылық, коммуникация және үздіксіз білім алу қабілеттерінің маңыздылығы атап өтілді. Спикердің айтуынша, бүгінгі білім беру жүйесінің міндеті – оқушыны белгілі бір мамандыққа ғана емес, өзгерістерге бейімделуге үйрету. Сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде адамның эмпатия, жүйелі ойлау, шығармашылық және белгісіз жағдайда шешім қабылдау секілді қабілеттерін дамыту қажеттілігі сөз болды.