Өрлеу

«Өрлеу» филиалы мен Корнеевка мектебі меморандумға қол қойды

«Өрлеу» филиалы мен Корнеевка мектебі меморандумға қол қойды
Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы мен Есіл ауданының «Корнеевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында меморандумға қол қойылды. Құжат педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге бағытталған.
Ынтымақтастық аясында біліктілікті арттыру курстарын өткізу, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттыруға және Солтүстік Қазақстан облысы педагогтерінің кәсіби өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар