Педагогтерге «Қаржылық сауаттылық негіздері» бір апталық курсы басталды

30 наурыздан бастап білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында бір апталық біліктілікті арттыру курсы басталды.
Курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы негізінде мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бірлескен арнайы жобасы болып табылады. Оқыту Ұлттық банк базасында өтуде, бұл бағдарламаға тәжірибеге бағытталған мазмұн мен жоғары деңгейдегі сараптамалық қолдау береді.
Курс барысында педагогтер қаржылық сауаттылықтың негізгі бағыттарын меңгеріп қана қоймай, оларды күнделікті өмірде, кәсіби қызметте және білім беру үдерісінде қолдану дағдыларын қалыптастырады. Алынған білім оқу мен тәрбие мазмұнына қаржылық сауаттылық элементтерін енгізуге мүмкіндік беріп, білім алушылардың қаржылық шешімдерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.
«Өрлеу» оқытушылары педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып, қаржылық сауаттылықтың сапалы білім мен өскелең ұрпақтың өмірлік табысының маңызды құрамдас бөлігіне айналуына жағдай жасауда.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.