«Өрлеу» саясаты профессорлық-оқытушылық құрам және әкімшілік блоктың жүйелі кәсіби дамуына бағытталған. «СҚО-Өрлеу» филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы біліктілігін тұрақты түрде арттырып, оқудан өтіп, кәсіби құзыреттерін дамытып келеді.

Осы орайда директордың орынбасары Айнагуль Кабдирова «Meta Leader» халықаралық NLP&Coaching Center орталығында 280 сағаттық коучингтік оқыту бағдарламасын аяқтап, «Сертификатталған кәсіби коуч (PCC)» біліктілігін алды. Сертификат бағдарламаны толық меңгергенін және кәсіби деңгейде коучингтік құзыреттерді игергенін растайды (Association of Professional Coaches).
Сонымен қатар, Британдық Кеңес пен «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан Accelerating English Language Learning in Central Asia (AELLCA) халықаралық бағдарламасы аясында оқытушылар Наталья Подкомаровская, Асем Ахметова, Азиза Ибраева және Асель Джаксалыкова 2025 жылы ересектерді оқытудың заманауи тәсілдері, фасилитация және рефлексивті тәжірибе бойынша 40 сағаттық каскадтық тренингтен өтіп, оқуды бастады. Ал 2026 жылы сертификаттау кезеңінен сәтті өтіп, бағдарламаны толық аяқтады. Аға оқытушыларға «Британдық Кеңестің тренері» біліктілігі берілді.
Бүгін әріптестерге сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Әріптестерімізді құттықтап, кәсіби дамуына жаңа жетістіктер тілейміз!
@a_kabdirova
@natalya_podkomarovskaya
@aziza.ibraeva
@asselya2882
@akhmetovaassem
@orleu_official

Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
