«СҚО-Өрлеу»: кезекті легінің екі апталық курсы аяқталды.

«СҚО-Өрлеу» филиалында біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының кезекті легінің екі апталық оқуы өз мәресіне жетті. Курсты бастауыш сынып, физика, қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері сәтті аяқтады.
Курстар мазмұнды біліммен, тәжірибелі спикерлермен кәсіби пікір алмасумен, озық тәжірибелерді зерделеумен және заманауи мектеп үшін тиімді шешімдерді іздеумен ерекшеленді. Педагогтер шеберлік сабақтарына қатысып, жобаларын қорғады, нақты педагогикалық жағдаяттарды талдап, әріптестерінің үздік тәжірибелерімен танысты.
Оқу барысында бастауыш сынып оқушыларының цифрлық білім беру ортасындағы оқу сауаттылығын дамыту, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы күтілетін нәтижелерге бағытталған жаңа тәсілдер, сыныпты тиімді басқару стратегиялары арқылы ағылшын тілін оқытуға қолайлы әрі өнімді орта қалыптастыру, сондай-ақ физиканы оқытуды жоспарлау, оқыту және бағалаудың жаңартылған тәсілдері арқылы жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Курстар барысында алынған білім мен тәжірибе педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып, сабақтарды заманауи білім алушылардың қажеттіліктеріне сай тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.