Өрлеу

СҚО-Өрлеу филиалы Гульмайда Мусетаева «Наурыз – жаңаша» воркшопына қатысты.

СҚО-Өрлеу филиалы  Гульмайда Мусетаева  «Наурыз – жаңаша» воркшопына қатысты.
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ-ның шақыруымен СҚО-Өрлеу филиалы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Гульмайда Мусетаева «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ұйымдастырған «Наурыз – жаңаша» воркшопына қатысты.
Воркшоп аясында:
🔹 Наурыз мейрамын атап өтудің заманауи тәсілдері
🔹 Наурыз мерекесінің әртүрлі елдердегі тарихы мен ерекшеліктері
🔹 «Наурыз мейрамы» оқу-әдістемелік құралының таныстырылымы
🔹 тақырыптық күнтізбенің таныстырылымы
🔹 Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі
🔹 интерактивті форматтар
🔹 «Наурыз онкүндігі» жобасының қорғалуы қарастырылды
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға Наурыз мейрамын өткізуге қатысты ұсыныстар беріліп, воркшопқа қатысушы сертификаттар табысталды.
Алынған білім мен практикалық тәжірибе «Өрлеу» БАҰО-ның біліктілікті арттыру курстарында қолданылуы жоспарлануда.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар