«Өрлеу» СҚО филиалында цифрлық ортада оқу сауаттылығын дамыту курсы аяқталды

СҚО «Өрлеу» филиалында мемлекеттік тапсырыс аясында бастауыш сыныптың 20 мұғаліміне арналған «Развитие читательской грамотности обучающихся начальных классов в цифровой среде» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аяқталды. Курс бастауыш білім беру жүйесіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, оқушылардың цифрлық ортада оқу сауаттылығын дамытудың заманауи әдістемелерін меңгеруге бағытталды.
Оқу барысында педагогтер PIRLS моделі бойынша тапсырмалармен жұмыс істеп, әртүрлі күрделілік деңгейіндегі тапсырмаларды әзірледі. Сонымен қатар оларды оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімдеу және қауіпсіз қолдану жолдарын қарастырды. Курс тыңдаушылары цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, мәтінмен жұмыс істеудің интерактивті тәсілдерін қолдану, сондай-ақ оқушылардың оқу сауаттылығын бағалаудың критерийлерімен танысты. Практикалық сабақтарда педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты кейстерді талқылады.
Алда педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу кезеңі күтіп тұр. Оның аясында олар жеке жоспарға сәйкес жұмысты жалғастыра алады. Бұл кезең педагогтердің алған білімдерін практикада бекітуіне, оқу процесінде жаңа әдістерді сынап көруіне және өз тәжірибелерін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Курстан кейінгі сүйемелдеу педагогтердің кәсіби дамуын жалғастыруға, олардың өзара тәжірибе алмасуына және бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуіне жағдай жасайды.
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.