Өрлеу

«Өрлеу» СҚО мен Ұлттық Банктің бірлескен қаржылық сауаттылық курсы басталды

«Өрлеу» СҚО мен Ұлттық Банктің бірлескен қаржылық сауаттылық курсы басталды
Курсқа облыс мектептерінің директорлары, директорлардың орынбасарлары және математика пәнінің мұғалімдері қатарынан 20 педагог қатысуда.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның бірлескен жобасы аясында әзірленген. Оқыту барысында Ұлттық Банк пен «Өрлеу» тарапынан тағайындалған тренерлер өзара бірлесіп жұмыс істейді.

Курс барысында педагогтер жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестициялау, цифрлық активтер, кредиттік және зейнетақы жүйелерінің ерекшеліктері, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік пен интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары туралы білімдерін толықтырады.
Меңгерілген білім мен оқу материалдары мектеп оқушыларының функционалдық және қаржылық сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруға негіз болады.

Алда бір апталық оқу кезеңі күтіп тұр! Барлық тыңдаушыларға сәттілік пен кәсіби дамуда табыс тілейміз!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» СҚО мен Ұлттық Банктің бірлескен қаржылық сауаттылық курсы басталды — Өрлеу