Өрлеу

«Өрлеу» мен Ұлттық Банктің «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы аяқталды

«Өрлеу» мен Ұлттық Банктің «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы аяқталды

 Бүгін СҚО «Өрлеу» филиалы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп өткізген «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы аяқталды. Курс Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

 Курс барысында тыңдаушылар инвестициялау мәселелері мен қаржы саласындағы заманауи үрдістерді зерделеп, инвестициялаудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талқылады. Сонымен қатар қаржыны сауатты басқару қағидаларымен танысты. Оқу барысында жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, кірістер мен шығыстарды талдау, жинақтау, кредиттеу негіздері және қаржылық алаяқтықтан қорғану тәсілдері қарастырылды. Ерекше назар білім алушылармен жұмыс барысында бейімдеп қолдануға болатын практикалық тапсырмалар мен кейстерге аударылды.

 Педагогтер алған білімдерін оқу үдерісінде қолдана отырып, білім алушылардың қаржыға жауапкершілікпен әрі саналы қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ете алады. Бұл өз кезегінде мектептерде қаржылық білім беру сапасын арттырып, жас ұрпақтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болады.

 Тыңдаушылар курс барысында алған білімдерінің практикалық құндылығын атап өтіп, оларды кәсіби қызметте де, күнделікті өмірде де пайдалана алатынына сенім білдірді. Оқуды сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 Қаржылық сауаттылық – байлықтың кілті. Біліміміз арта берсін!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» мен Ұлттық Банктің «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы аяқталды — Өрлеу