Өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті

СҚО «Өрлеу» филиалында білім магистрі, педагог-модератор, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері, «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының техникалық редакторы Алмаз Тұрсынбековтің «Аралағаштан ақтарылған сыр» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.
Жинаққа туған жер, махаббат, өмір мен өнер, тәлімгерлік пен тәрбие тақырыптарын арқау еткен өлеңдер енген. Институт ұжымының ерекше қызығушылығын тудырған бөлімдердің бірі – «Ұстаздың жүрек сөзі». Онда көтерілген тақырыптар педагогтер қауымына жақын: өскелең ұрпақ тәрбиесі, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтары, тәлімгердің рөлі және жасанды интеллектінің білім беру ортасындағы орны.
Өлеңдер жинағы QR-кодтармен толықтырылған. Олар бейнематериалдарға сілтеме жасап, оқырманға кітап мазмұнымен жаңа форматта танысуға мүмкіндік береді. Автор жинақты әзірлеу барысында жасанды интеллектіні белсенді пайдаланғанын да жасырмайды. Бұл – технология адам шығармашылығын алмастырмайтынын, керісінше, оны орынды қолдана білген жағдайда идеяларды жүзеге асыруға және өзіндік шығармашылықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмектесетінін көрсетеді.
Кездесу поэзия, туған жер, тәрбие және әдеби шығармашылықта да өзіндік орнын тауып келе жатқан заманауи технологиялар туралы ой бөлісуге мүмкіндік берді. Бұл басқосудың институт ұжымы үшін орны ерекше болды, себебі Алмаз Тұрсынбеков бұған дейін «Өрлеу-СКО» филиалында қызмет атқарған. Сондықтан бұл шара кітаптың тұсаукесері ғана емес, бұрынғы әріптеспен қайта қауышып, пікір алмасуға және оның шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берген жылы жүздесу болды.
Басқа жаңалықтар

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. Көркем еңбек»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын жалғастыруда.

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»
«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»