«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»

Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған кәсіби бастамаларды қолдау.
Байқау аясында қатысушылар өздерінің авторлық идеялары мен педагогикалық тәжірибелерін ұсынып, кәсіби шеберліктері мен шығармашылық ізденістерін көрсетті.
Байқау жеңімпаздарын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділігі, шығармашылық ізденісі және кәсіби дамуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Байқау қорытындылары мен жеңімпаздар тізімі төмендегі материалда ұсынылған.
Басқа жаңалықтар

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. Көркем еңбек»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын жалғастыруда.

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

«ӨРЛЕУ»: ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ МЕН ЖҰМЫС САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-да Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.