Өрлеу

«ӨРЛЕУ»: ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ МЕН ЖҰМЫС САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ

«ӨРЛЕУ»: ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ МЕН ЖҰМЫС САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-да Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында стратегиялық міндеттердің орындалуы, филиалдардың инфрақұрылымдық жағдайы, ақылы қызметтердің тиімділігі, кадрлық тәртіп және өңірлік ақпараттық жұмыстың нәтижелілігі талқыланды.

Кеңесте Қоғамның 2029 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру аясындағы 2026 жылға арналған іс-қимыл жоспарының орындалуына ерекше назар аударылды. Басқарма төрағасы жоспардағы көрсеткіштердің орындалу деңгейін нақтылап, тәуекел аймағындағы міндеттер бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесіне заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған кешенді жобаларды жүзеге асыруда. Осыған байланысты Қоғамның 2029 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын қайта қарау барысында жасанды интеллектіні дамытуға стратегиялық басымдық беру міндеті қойылды.

Филиалдардың материалдық-техникалық жағдайын талқылау барысында Ғалымжан Алматов атқарылған жұмыстардың тізімі емес, жұмсалған әр теңгенің тиімділігіне баса мән беруді тапсырды. 

Осыған байланысты филиалдарда санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қатаң бақылау, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу, қаржыландыру көздері мен орындалу мерзімдерін нақтылау тапсырылды.

Ақылы қызметтердің 10 айдағы нәтижелеріне қатысты да бірқатар сын-ескертпе айтылды. Атап айтқанда, жоспардың орындалуына қатысты нақты тапсырмалар беріліп,  филиалдардың жұмысын жандандыру талап етілді. Ақылы курстардың ауқымын кеңейтіп, өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігі атап өтілді.

Кадрлық тәртіп мәселесінде кейбір филиалдарда іссапарларды келісу және тиісті құжаттарды рәсімдеу талаптарының сақталмағаны сөз болды. Басқарма төрағасы анықталған кемшіліктердің қайталануына жол бермеуді тапсырды.

Сонымен қатар өңірлік PR қызметінің тиімділігі қаралып, ақпараттық жұмыстың нәтижесі аудиторияның қызығушылығымен өлшенуі тиіс екені айтылды. Ресми сайттың жұмысын жандандырып, филиалдардағы маңызды бастамалар мен жетістіктерді жүйелі жариялау қажеттігіне назар аударылды.

Кеңес қорытындысында Ғалымжан Алматов барлық бағыт бойынша атқарушылық тәртіпті күшейтіп, анықталған кемшіліктерді жою және жоспарланған міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ»: ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ МЕН ЖҰМЫС САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ — Өрлеу