«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. Көркем еңбек»

Көркем еңбек пәні –
оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға
және практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды оқу бағыттарының
бірі.
«Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында көркем еңбек
пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын жалғастыруда.
Оқу үдерісінде
педагогтер білім беру мақсаттарын нақтылауға, сабақ мазмұнын оқушылардың жас
ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сай құрастыруға бағытталған жаңа
әдіс-тәсілдерді қарастыруда. Сонымен қатар теориялық білімді тәжірибемен
ұштастырып, пәнді оқытудың тиімді жолдарын зерделеуде.
Практикалық жұмыстар
барысында мұғалімдер шығармашылық тапсырмаларды әзірлеу, көркемдік шешімдер
ұсыну және оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін пысықтайды. Бұл
олардың сабақ барысында оқушының жеке қабілетін ескеріп, шығармашылық ізденіске
жетелеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Басқа жаңалықтар

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»
«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»

«ӨРЛЕУ»: ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ МЕН ЖҰМЫС САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-да Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.