Өрлеу

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау

Мұғалімнің кәсіби дамуы – өз тәжірибесіне сыни көзқараспен қарап, жаңа мүмкіндіктерді танудан басталады.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

Оқу барысында педагогтер өздерінің кәсіби тәжірибесіне талдау жасап, мұғалім ретіндегі дамытуды қажет ететін тұстарын айқындауға назар аударды. Өзара пікір алмасу, тәжірибелік тапсырмалар мен рефлексия арқылы қатысушылар оқыту үдерісіндегі жеке мүмкіндіктерін саралап, кәсіби өсу бағыттарын анықтады.

Мұндай жұмыс мұғалімге өзінің оқыту тәсілдеріне жаңаша көзқараспен қарауға, тиімді әдістерді таңдауға және білім алушылардың оқу нәтижелеріне қол жеткізу жолдарын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сапалы білім беру – ең алдымен, үнемі ізденіп, кәсіби тұрғыдан дамуға дайын мұғалімнен басталады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау — Өрлеу