Өрлеу

DATA + AI: БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

DATA + AI: БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ
Форумның негізгі мақсаты — әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау, оларды тиімді шешу жолдарын айқындау және әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу.

Ауқымды іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» орталығының директоры Дулат Аманжолов, облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры К. Тлеуов, сондай-ақ облыстық білім басқармасының өкілдері, өңірлік орталықтардың жетекшілері, аудан және қала деңгейіндегі білім бөлімдері мен оқу-әдістемелік орталықтардың басшылары қатысты.

Сонымен қатар форумға еліміздің түрлі өңірлерінен және Маңғыстау облысынан келген 450-ге жуық әдіскерлер мен педагогтар қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

DATA + AI: БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ — Өрлеу