Мұғалімнің кітап сөресі

«Мұғалімнің кітап сөресі» – рухани даму мен кәсіби ізденіс алаңы
Кездесу барысында кітаптағы маңызды ойлар негізінде педагогтер өз өміріне, мақсатына және күнделікті әрекеттеріне жаңаша көзқараспен қарады. Бүгін педагогтерге арналған «Мұғалімнің кітап сөресі» кітап оқу клубының кезекті кездесуінде Марғұлан Сейсембайдың «Миссия выполнима» кітабы талқыланды.
Кездесудің басты мақсаты – педагогтердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі дамытуға ынталандыру, өмірлік ұстанымдары мен кәсіби мақсаттарын қайта саралауға мүмкіндік беру.
Талқылау барысында қатысушылар кітаптың негізгі идеяларына тоқталып, автордың өмірлік тәжірибесі мен ой-тұжырымдары негізінде өз пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, адамның өз өміріне жауапкершілікпен қарауы, нақты мақсат қоя білуі, сол мақсатқа жету жолында табандылық танытуы, уақытты тиімді пайдалануы және мүмкіндіктерді дұрыс бағалай білуі туралы ойлар кеңінен қозғалды.
Педагогтер үшін кітаптағы «Өзгеріс өзіңнен басталады» деген ұстанымның мәні ерекше болды. Себебі ұстаздың кәсіби жетістігі тек білім мен тәжірибеге ғана емес, оның жеке тұлғалық дамуына, өмірге деген көзқарасына, үздіксіз ізденісі мен өзін жетілдіруге деген талпынысына да байланысты.
Басқа жаңалықтар

«Шағын жинақты мектеп – біртұтас команда, тең мүмкіндік»
«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» атты халықаралық конференцияның №2 секциясы Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында өтті.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған айтулы шарада бас қосып, «Өрлеумен» бірге жаңа кәсіби белестерді бағындырыңыз!

«Үздік қала мектептерінің ерекшеліктері: Инклюзия, STEAM және Жасанды интеллект»
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облыстық Кәсіби даму институты ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалардың білім сапасын арттыруға арналған маңызды секциялық мәжіліс өткізді.