Өрлеу

Маңғыстауда «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы курс аяқталды

Маңғыстауда «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы курс аяқталды
📊 Жыл басынан бері Маңғыстау облысының 165 педагогі қаржылық сауаттылықтарын арттырды. Оның ішінде:
🔹 141 педагог – орта білім беру ұйымдарынан;
🔹24 педагог – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан.

 Курс барысында тыңдаушылар қаржылық жоспарлаудың заманауи тәсілдерін, ұлттық қаржы жүйесінің құрылымын, жеке бюджет пен жинақты тиімді басқару тетіктерін, сондай-ақ инвестициялаудың негізгі қағидаттарын меңгерді. Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, алынған дағдыларды күнделікті өмірде қолдануға басымдық берілді.

Қаржылық сауаттылық – қаражатты тиімді басқарумен ғана шектелмейтін, саналы шешім қабылдауға және болашақты жоспарлауға мүмкіндік беретін маңызды өмірлік дағды.

Педагогтердің осы бағыттағы білімін жетілдіру – қаржылық мәдениетті білім беру үдерісіне енгізудің және өскелең ұрпақтың қаржылық жауапкершілігін қалыптастырудың маңызды қадамы.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Маңғыстауда «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы курс аяқталды — Өрлеу