Білім берудегі ЖИ модельдері

Маңғыстау облысында «Білім берудегі ЖИ
модельдері» тақырыбында мемлекеттік курс өткізілді
Бүгінгі таңда білім беру саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу –
уақыт талабы. Осы бағытта педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи
цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыру
мақсатында «Білім берудегі жасанды интеллект модельдері» тақырыбында
мемлекеттік курс өтуде.
Курс барысында қатысушылар жасанды интеллект модельдерімен жұмыс істеу жолдарын
меңгеріп, оларды сабақ жоспарлауда, оқу материалдарын әзірлеуде, тапсырмалар
құрастыруда және білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруда қолдану
мүмкіндіктерімен танысуда.
Жаңа білім, тың идеялар, тәжірибе алмасу – барлығы да сапалы білім берудің
маңызды қадамдары!
Жасанды интеллект – мұғалімді алмастырушы емес, оның мүмкіндіктерін кеңейтетін
заманауи көмекші!
Басқа жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ
География пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану – білім алушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға, ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау»
30 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Өрлеу Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды ғылыми-әдістемелік басқосуға 2000-ға жуық педагог қатысып, білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

Курстан кейінгі қолдау және мониторинг: Әдістемелік семинар өтті
Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Курстан кейінгі қолдау және педагог қызметінің мониторингін жүргізу тәртібі» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинар өтті.